Үкімет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамытудың бағдарламасын маусымның 1-іне дейін Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды

None
None
А. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Үкімет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамытудың бағдарламасын маусымның 1-іне дейін Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды. Мұндай тапсырманы К. Мәсімов Құрылыс істері жөніндегі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінің алқа мәжілісінде жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, бұл мәселе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға байланысты. Ресурстардың жеткіліксіз болуынан біз бұл мәселені кейінге қалдырып отырған едік. Осыған қарай Елбасы өзінің Жолдауында нақты әрі айқын тапсырма берді. Осыған байланысты маусымның 1-іне дейін тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын одан әрі дамытудың бағдарламасын аяғына дейін жасап, Үкіметтің қарауына енгізулеріңіз керек», деді Премьер-Министр аталған агенттіктің төрағасына қаратып айтқан сөзінде.

К. Мәсімов осыған байланысты жергілікті органдардың барлығымен тиісті шараларды қарастыру қажет екенін айта келе, «Меніңше, бұл мәселені шешу үшін қандай да бір заңнаманы реформалау қажеттілік ететін шығар», деді.

«Елбасы нақты және айқын мақсат-міндеттерді белгіледі. Сондықтан қойылған мәселелердің барлығын бірлесе шешуіміз шарт», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар