Үкімет басшысы Транскаспий халықаралық маршрутын дамыту жөнінде кеңес өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.


Фото: primeminister.kz





Соңғы жаңалықтар