Үкімет басшысы тауар бағасы бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин баға өсімі болған өңір әкімдіктерін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар, осы жылғы шілдеде инфляция өсті. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарларының қымбаттауы көп әсер етті, баға 2020 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Бағаның елеулі қымбаттауы Түркістан облысында, Нұр-Сұлтанда және Қарағанды облысында байқалды. Бұл – ең алдымен, әкімдіктер тарапынан шаралар жеткілікті қабылданбайды деген сөз. Шараларды күшейтіп, ерекше бақылауға алу қажет», - деді А. Мамин.

Сонымен қатар ол әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша тапсырма берді.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы тамыздың соңына дейін инфляцияға қарсы ден қою шаралар кешенін, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын өсірмеу бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдап, оның іске асыруды бастауға тапсырамын. Барлық өңірлер жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар