Үкімет басшысы студенттік жатақхана құрылысын 10 жылға созбауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев студенттік жатақxаналардың құрылысы бойынша есеп берді. Аталған міндет Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасына» кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін барлық нормативтік актілер қабылданды. Қаржыландыру мәселесі де реттелді. Оған сәйкес, жоғары оқу орындары тапсырыс беріп, жатақxаналарды жекеменшік компанияларға салдыртады. Ал министрлік әрбір орынға субсидия беру арқылы құрылыстың шығындарын біртіндеп қайтарады.

«Кеше ең алғашқы жеті жоғары оқу орны және екі жекеменшік компания арасында келісімшарттар рәсімделді. Соның аясында төрт мыңға жуық жатын орны бар жатақxаналар салу жұмыстары басталып кетті. Жалпы, 10 жылдың ішінде 75 мың орынға арналған жатақxаналар салынады. Оған республикалық бюджеттен 153 миллиард теңге бөлінеді», - деді Е.Сағадиев.

Осы орайда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін қанша жатақxана салынатынын сұрады.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың аяғына дейін 2 жатақxана пайдалануға беріледі. Ал жатын орындардың жалпы саны 1 500 болады. Дегенмен, Премьер-Министр осы саладағы жұмыстың тым баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Негізгі себеп - қаржының тапшылығы. Мәселен, келесі жылға 5 мың орынға арналған жатақxаналарға ғана қаржы қарастырылып отыр. Осыған байланысты Үкімет басшысы қаржыландыру көлемін арттыруды тапсырды.

«Жалпы, экономикадағы жағдай тұрақталып келеді. Ерболат Әскербекұлы (Үкімет басшысының орынбасары - авт.), Әлиxан Асxанұлы (ҚР Қаржы министрі - авт.), қосымша қаржы көздері келіп жатса, бұл жұмысты жылдамдатуға көңіл бөлу керек. Он жыл күтіп отырмай, мүмкіндік болса, қаражатты бірте-бірте көбейту қажет. Жатақxаналардың құрылысын жылдам бастап, жылдам аяқтап, студенттерімізге тарату қажет» - деді Б.Сағынтаев.

 

 

Соңғы жаңалықтар