+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Үкімет басшысы: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

2020 жылғы 21 сәуір 10:01
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешімдер қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан экономикалық өсімді қашан қалпына келтіре алуы мүмкін – сарапшы пікірі Бердібек Сапарбаев: Мембағдарламалардың мүмкіндігін барынша пайдалану керек

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады. Елжан Амантайұлы (ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - ред.), мәселені қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Премьер-Министр Үкіметтің онлайн отырысында.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын бастайтын кәсіпкерлік субъектілердің тізімін бекітті.

Тізімде өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қойма компаниялары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, ТҚС, автожуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу және екінші деңгейлі банктер бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT