Үкімет басшысы: Павлодар облысындағы басым міндеттердің бірі – инфрақұрылымды жаңғырту

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыс активімен өткен кездесуде Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір басшылығының алдында тұрған басым міндеттердің бірі инфрақұрылымды жаңғырту екенін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір жылыту маусымы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, Екібастұз қаласының жылу желілерінде апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Аянбай жұмыс істеген мамандардың арқасында жылу беру қалпына келтірілді. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр, нәтижесі шыққан соң кінәлілер жауапқа тартылады. Әкімдік бұл мәселені ерекше назарға алып, жылыту маусымының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуі керек, -

деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ірі өндіріс ошақтарының жұмысына байланысты өңірдегі экологиялық ахуал күрделі екеніне назар аударды. Республика бойынша шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ы Павлодар облысына тиесілі. Осыған байланысты облыс басшылығы зиянды өндірістік шығарындылардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі жұмысқа ден қоюы қажет.

Сонымен қатар, кәсіпорындар өндірістік процесті жаңғыртуға, инвестицияларды ұлғайтуға, жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көңіл бөлуі тиіс, -

деді Әлихан Смайылов.


Фото: t.me/Kzgovernment

Соңғы жаңалықтар