Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Үкімет басшысы отандық кәсіпкерлерді сынға алды

2018 жылғы 5 желтоқсан 18:06 169
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы отандық кәсіпкерлерді сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Атамекен" ҰКП Президиумының кеңейтілген отырысына жиналған кәсіпкерлерді сынға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҰБТ: Өтінімдер қабылданып жатыр 2-сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

"Бүгін WorldSkills бойынша кезекті чемпионат басталды. Мен өзім барып, көріп келдім. Ол жерде колледжде оқитын жастар өзара сынға түседі. Чемпионат тағы екі күнге жалғасады. Сосын 7-сінде жеңімпаздарды анықтаймыз да, әлемдік чемпионатқа барамыз. Мен өзім сол қауымдастықты басқарамын. Мәселен, Тимур Асқарұлы ("Атамекен" ҰКП Президиум басшысы - авт.) спорттық қауымдастықты басқарса, мен осы ұйымды таңдадым. Соған пайдам тиіп жатыр деп ойлаймын. Өз басым ылғи қолдау жасап отырамын", - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі чемпионатқа колледждер оқ бойы озық шәкірттерін алып келді. Бірақ дәл осындай шараларға отандық кәсіпкерлер тарапынан мықты қолдау байқалмайды. Бизнесмендер "кәсіби мамандар жоқ" деп жиі арызданады. Ал сол кәсіби мамандарды қолдауға келгенде немқұрайлық танытып жатады.

"Мен чемпионатқа қолдау білдіргендерді байқап көрдім. Құрылыс бойынша ірі компаниялардың ішінде BI Group пен Knauf болды. Басқалары қайда? Сіздер көрінбейсіздер ғой. Қолдауыңыз қайда? Чемпионатта мен нағыз энтузиастарды көрдім. Олар көп пайда таппаса да, ортақ іске жанашырлық танытып отыр. Өз мамандарымыз көтерілсін деп тілейді. Ал осы жерде отырғандардың ішінен мен ешкімді көрмедім. Біз кадр керек, өз мамандарымызды дайындайық дейміз. Сіздер өздеріңіз қолдау жасамасаңыздар, ол мамандарды қайдан аламыз?", - деді Б.Сағынтаев. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT