+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Үкімет басшысы: Мониторинг топтарының жұмысын күшейту керек

2021 жылғы 3 тамыз 10:56
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы: Мониторинг топтарының жұмысын күшейту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 875 мыңға жуықтады Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай Жаңа қаулы: Келесі аптадан бастап Түркістан облысында карантин шектеулері жеңілдейді

«Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Барлық өңірде 2 тамыздан бастап күшейтілген шектеу шаралары күшіне енді. Қабылданған барлық карантин талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы Ashyq жобасы бизнеске карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырғанын еске салды.

«Өңір әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық ауруханалардың, бастапқы пункттердің, мобильді бригадалар мен ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері мониторинг топтарының санитарлық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бойынша жұмысын күшейтсін», - деді А. Мамин.

Бұған дейін Премьер-Министр халықты вакциналау жұмыстарын жалғастыруды тапсырған еді.

Елімізде вакцина салынуы тиіс халықтың 55 пайызы екпе алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT