Үкімет басшысы: Министрлер мен әкімдер «Бюджетті басқару» тәсілінен «нәтижелерді басқару» тәсіліне көшуі керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі үшін бюджеттің кіріс бөлігін арттыру маңызды міндеттің бір болып қала береді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қаржы ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай міндеттер қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджет процесін жақсартып, жеңілдету – маңызды жүйелік міндет болып отыр. Бюджет жүйесінің ашықтығын арттыру қажет. Мемлекеттік жоспарлауды бюджет шығыстарына нақты байланыстыру керек.

Тиімділікті арттырып, тиімсіз шығыстарды қысқарту үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртібін күшейту қажет», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуына қарағанда бұл мәселеде бірінші басшылардың жауапкершілігі маңызды.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының үлкен жедел дербестігін қамтамасыз ету, ең үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу мақсатында бюджет қаражатын тиімді игеру және бөлу үшін олардың жауапкершілігін арттыру қажет.

Негізгі мақсат – «бюджет қаражатын басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу. Бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымын автоматтандыру және цифрландыру есебінен де арттыру қажет. Мұның бәрін жаңа Бюджет кодексі шеңберінде қарастыру қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар