Үкімет басшысы меморгандардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасын құруды жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Маминнің айтуынша, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасын құру – меморган сайттарын біріктіруге жол ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды үкімет» порталында мемлекеттік қызметтерді тұрақты түрде көрсету – басым міндеттердің бірі. Алайда биыл мемлекеттік органдардың жүйелерінің істен шығуына шамамен 130 рет жол берілген. Бұған азаматтар тарапынан елеулі сын айтылды. Ондай жағдайлардың басым бөлігі ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Құқықтық статистика комитетінде кездеседі. Ведомстволық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін бақылап, мониторингті көрсету мақсатында жауапты басшыларға осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарды дербес жауапты етуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы сонымен бірге, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасын құру – меморган сайттарын біріктіру мүмкіндігін беретінін атап өтті.

«Бұл шара дер кезінде қолға алынып отыр. Сондықтан, барлық орталық мемлекеттік органға биылғы жылдың соңына дейін бірыңғай платформаға көшуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар