+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Үкімет басшысы меморган жетекшілері мен әкімдерге бағаны тежеуді тапсырды

2021 жылғы 14 қыркүйек 10:14
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы меморган жетекшілері мен әкімдерге бағаны тежеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуге тиіс. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру жұмысын одан әрі жалғастыру қажет. Сонымен бірге, биылғы тамыз айында инфляция өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның ұлғаюына барынша себеп болып отыр. Бағаның ең үлкен өсімі Түркістанда, Нұр-Сұлтанда және Қызылордада байқалған. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуге тиіс», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне «Инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары» аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестіруді жүктеді.

«Бүкіл өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуі және Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет», - деп түйіндеді Премьер-Министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT