Үкімет басшысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды

None
None
ашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселесін қарастыруды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Үкімет басшысы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселесі қарастырылғанын, алайда бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеушілік әзірге байқалмай отырғанын ескеріп өтті.

Осыған байланысты аталған мәселені жандандыру шаралары Индустрия және сауда, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне тапсырылды. Премьер-Министрдің айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті бұдан ары дамыту жұмыстарын заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Оның пікірінше, бұл Қазақстанның индустриялық жобаларын әлеуетті қаржыландыруға жақсы қосымша болар еді.

Соңғы жаңалықтар