Үкімет басшысы Қытай нарығына шығудың жолын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев отандық өнімдерді Қытай нарығына шығаруға кедергі жасайтын негізгі мәселелерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан экспортты ұйымдастыру бойынша барлық шаралар атқарылып келеді. Енді, бизнестің өзі әрекет етуі керек.

"Мәселен, мен Қытайда болғанда қазақстандық тауарларға сұраныс бер деді. Бірақ ол тауарлардың қаптамасы сәйкес келмейді екен. Қытай жақта тұтынушылар қаптаманы жылтырақ күйінде ме, басқа бір түрде ме, бір сөзбен айтқанда қаптамаға қатысты өздерінің нақты бір талаптары бар. Ал біздің кәсіпкерлеріміз оны жасамайды. Содан Қытай нарығына шыға алмай жүресіздер. Негізі, осы мәселені бірлесіп шешу керек тәрізді. Біз өз тарапымыздан қолдау жасауға даярмыз", - деді Б.Сағынтаев "Атамекен" ҰКП Президиумының кеңейтілген отырысында.
null 

Премьер-Министрінің ойынша, нақты бір брендті жасауға болады. Ол арқылы шетелдің нарығына шығуға болады.

Айта кетейік, отырыс кезінде Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді көрші Қытай арқылы Оңтүстік Азия елдеріне шығуға үндеді.

"Қазір барлық нарықтар ашылып жатыр. Әсіресе, Қытайдың үлкен нарығын ерекше атап өткен жөн. Қытай үкіметі тарапынан да ұсыныстар болды. Олар бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы қазақстандық өнімдерді басқа елдерге жеткізуге болады дейді. Бұл дегеніміз, отандық кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен бірлесіп, Қытай арқылы Оңтүстік Азияға шыға алады. Абылай Исабекұлы (Атамекеннің басқарма төрағасы - авт.), осы мәселені жақсы біледі. Сондықтан осы мүмкіндікті сәтті пайдаланамыз деген үміт бар",  - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар