Үкімет басшысы күштік құрылымдарды реформалау бойынша тапсырмалар берді
2022 жылғы 12 қаңтар 10:27

Үкімет басшысы күштік құрылымдарды реформалау бойынша тапсырмалар берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күштік құрылымдарды реформалау бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Күштік құрылымдар блогы бойынша. Бірінші, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберіндегі жұмысты жалғастырсын.

Екінші, Ішкі істер министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрлігімен бірлесіп, Ұлттық ұлан мен ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерін сандық және сапалық нығайту бойынша ұсыныстарды пысықтап, бір апта мерзімінде Үкіметке енгізсін. Үшінші Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды жақсарту мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтасын. Қару айналымы мен діни эксремизимнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін», - деді ол Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Премьер-Министр төтенше жағдай қызметінің жұмысын да жетілдіру керектігін атады.

«Төртінші, Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық және әлеуметтік жағынан күшейту бойынша ұсыныстарды пысықтап, бір апта мерзімде Үкіметке енгізсін.

Бесінші, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен елдің азаматтық қорғаныс жоспарына қажетті түзетулер енгізсін және төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жетілдіру бойынша келісілген ұсыныстар әзірлесін», - деді Әлихан Смайылов.


Jańalyqtar

MURAǴAT