Үкімет басшысы Қостанайдағы үй құрылысы комбинатына барды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірге іссапары барысында Қостанай үй құрылысы комбинатына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министр кәсіпорынның өндіріс алаңдарын аралап, арматура, қабырға панелдері, темір-бетон плиталары өндірісімен танысты. Кәсіпорын көпқабатты тұрғын үй, мектеп және өнеркәсіп ғимараттарын салуға қажетті құрылыс материалдарын жасайды.

Комбинат жылына 70 мың шаршы метрлік тұрғын үй тұрғызуға жететін темір-бетон бұйымдарын шығарады. Өнімдер Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Талдықорған қалаларына жіберіледі. Сондай-ақ Ресейдің Челябі, Екатеринбург, Түмен, Қорған облыстарына экспорттталады. Қуатты өндіріс ошағы 154 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы 113 мың теңге. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 526,4 млн теңгенің өнімін шығарған.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, Қостанайдағы «Аэропорт» шағын ауданын салуға пайдаланылған темір-бетон бұымдардың дені осы кәсіпорындікі. «Қонай», «Береке» шағын аудандарында салынатын тұрғын үйлерге де «Қостанай-МБИ» өнімдері пайдаланылады.

Айта кетсек, бұл комбинатты елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан болатын.

Соңғы жаңалықтар