Үкімет басшысы Көлік министріне ескерту жасады

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ұялы байланыс тарифіне қатысты Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевке ескерту жасады.

Еске салсақ, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов баяндама барысында Қазақстанда интерконнект тарифтері аса жоғары екенін, «мұның ұялы байланыстың түпкі құнына әсер ететінін» айтқан болатын.

«Менің ойымша, агенттік төрағасы интерконнект мәселесін толық біле бермейді, Көлік және коммуникация министрлігі бұған дейін интерконнекттегі жоғары тариф туралы мәселе көтеріп, сараптаманың қажеттілігін айтқан еді. Сосын біз халықаралық компанияға сараптама жасаттық, қазірдің өзінде тарифтерге оңтайлы әсер етуде», - дегенді алға тартады министр А. Жұмағалиев. Оның айтуынша, жалпылама интерконнект бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«Сонда біз қашанға дейін барлық халықаралық сараптамалық компанияларды шақыра береміз? Әлі де тарифтерге бағаның төмендейтінін күтеміз бе? Бізде ең жоғары тариф екенімен келісесіз бе?», - деп сұрады Үкімет басшысы Серік Ахметов.

Ал министр А. Жұмағалиев бұнымен келіспейтінін айтып: «БҰҰ мәліметтері бойынша 46-орындамыз. Жалпы тариф жағдайы жеткілікті түрде оңтайлы», - деді.

«Біз тек соңғы жылдары ғана тарифті төмендетіп келеміз. Сіз не айтып тұрсыз? Kcell тарифі қандай екенін білмейді дейсіз бе? Бәсекелестік жөніндегі агенттік төрағасының тарифті төмендету туралы даулары - бұл факт. Осымен айналысыңыздар. Көлік және коммуникация министріне ескерту жасаймын! Бақытжан Әбдірұлы, осымен айналысыңыз!», - деді өз кезегінде Премьер-Министр С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар