Үкімет басшысы Кеден одағы қызметіне байланысты оңтүстік шекараларды нығайту бойынша ұсыныстарды енгізуді жүктеді

None
None
СТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Кеден одағы қызметіне байланысты Қаржы министрлігіне оңтүстік шекараларды нығайту бойынша ұсыныстарды енгізуді тапсырды. Бұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде жүктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше, бұл өте маңызды мәселе. Сонымен бірге оңтүстік облыстардың да әкімдері оңтүстік шекараларды нығайту бойынша осы мәселені көтеріп отыр», деді Үкімет басшысы.

Шекаралар сенімді түрде нығайтылуы тиіс екенін жеткізген К. Мәсімов, осыған байланысты тиісті ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

«Бұл мәселенің толық реттелмеуі Кеден одағы мақсаттарын шешу бойынша жұмыстарға кедергі жасауы мүмкін», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар