+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Үкімет басшысы: Қашықтан жұмыс істеу тапсырманы орындау сапасын төмендеткен жоқ

2020 жылғы 4 маусым 22:30
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы: Қашықтан жұмыс істеу тапсырманы орындау сапасын төмендеткен жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі тапсырманы орындау сапасын төмендетпегенін көрсетті. Бұл туралы республикалық телеарналардан көрсетілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сәбина Садиева: Вирустың таралуына тосқауыл қою - азаматтардың ерікті қатысуына да тәуелді Ақтөбе полициясы карантин талабын бұзғандарды анықтады Жамбылдықтар карантинге қарамастан үйлену тойы мен беташар өткізуде – Сапарбаев

«Коронавирус қатеріне байланысты «Самұрық-Қазына» қоры қызметкелерінің қашықтан жұмыс істеуі тәжірибесін қолдаймыз. Алдыңғы қатарлы бірқатар аналитикалық агенттіктердің болжамына сәйкес, аталған тренд осы пандемияның ұзақ мерзімді салдарының бірі болмақ», - деп тоқталды Үкімет басшысы.

Сонымен қатар А. Мамин мемлекеттік органдар қызметшілерінің қашықтан жұмыс істеуі тәжірибесі туралы айтты.

«Бұл тәжірибе Үкіметте де, өңірлерде де іске асырылуда. Бүгінде 23 мемлекеттік орган «бұлтты» құжат айналымға қосылған. Қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік жасалды. Меморгандардың 70 пайызға жуық қызметшісі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Қашықтан жұмыс тәжірибесі тапсырманы орындау сапасын төмендетпегенін көрсетті. Қаулыларды қабылдау мерзімі екі есеге азайды, 22-ден 13 жұмыс күніне дейін», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT