Үкімет басшысы қала әкіміне елордадағы балабақша жобаларын орындау қажеттігін тапсырды

None
None
А. Желтоқсанның  7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте балабақшалар мәселесі әлеуметтік жағынан маңызды болғандықтан оны бірінші кезекте жоспарға қою керектігі айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы көптеген мәселелердің шешілгеніне тоқталған Премьер-Министр қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке алдағы мерекелік шаралар Астанада шоғырланатынын, осыған байланысты бұл мерекелерді жоспар бойынша өткізу тұрғысында оны ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар К. Мәсімов бензин, азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалау керектігін жеткізді. Үкімет басшысы қала әкіміне алдағы жылы, сондай-ақ 2011 жылдары балабақшалар бойынша жобалардың барлығын орындау керектігін жеткізді. «Қажетті шешімдердің барлығы қабылданды, ресурстар бөлінді. Енді қала күніне қарай Елбасы бұл нысандарды аралайтын болады. Бұл әлеуметтік мәселе болғандықтан, оны бірінші кезекте жоспарға қою керек», деді Үкімет басшысы.

 К. Мәсімов жақын арада Алматыға сапармен баратынын айта келе: «Басты назар мектепке дейінгі мекемелер мен Азиада нысандарының құрылысына арналатын болады. Алматыдағы балабақшалар мәселесін шешу үшін мектепке дейінгі мекемелер бойынша Үкіметтің арнайы қаулысын қабылдаймыз», деді Премьер-Министр Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар