Үкімет басшысы Иран мен Қорғас бағыттарындағы темір жол құрылысын қаржыландыруға байланысты құжаттарды әзірлеуді тапсырды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне алдағы аптада Иран мен Қорғас бағыттарындағы темір жол құрылысын қаржыландыруға байланысты құжаттарды әзірлеуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Иран және Қорғас бағыттарындағы екі темір жолдың құрылысы бойынша тиісті жұмыстарды атқару керектігіне тоқталған Үкімет басшысы, «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі алдағы аптада Ұлттық қордан бұл екі жолды  қаржыландыру мәселесіне байланысты барлық құжаттарды дайындауы қажет. Содан кейін соңғы нүктені қою үшін ол Елбасының қарауына ұсынылады», деді.

 Осы орайда Премьер-Министр бұл мәселеге Қазақстанның  экспорты байланысты екенін, сондай-ақ өнімді сыртқа шығару бойынша темір жол еліміздің негізгі қантамыры болып табылатынын ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар