Үкімет басшысы Инновациялық форум аясында ұйымдастырылған көрмені аралап көрді

None
None
рат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас» атты Инновациялық форумы жұмысы аясында Инновациялық жобалар көрмесі ашылып, оны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аралап көрді.

Инновациялық жобалар көрмесіне Қазақстанның барлық аймақтарынан жинақталған және экономиканың түрлі салаларын қамтитын 68 жобалар қойылған. Бұл жобалар инновациялық жобалардың республикалық байқауының қорытындысы негізінде іріктеліп алынған болатын. Айта кетерлігі, көрмеге ұсынылатын 68 орынға 11 үміткер жобадан тіркеліп, олар арасындағы бәсекелестік те қарқынды өтті. Іріктелген жобалар инновациялық жобалар тізбесіне енгізілетін болады. Бұл ретте сала мамандары инновация саласындағы жобалардың да тиімді жүзеге асуы үшін Индустрияландыру картасы секілді арнайы бағыттың болуы қажеттігін алға тартып, мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері қамтылуы тиістігін айтады.

Айта кетерлігі, форум барысында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ шетелдік серіктестіктердің қолдауымен 2010-2011 жылдары Қазақстанда іске асырылған екі бірегей зерттеудің де қорытындысын ұсынып отыр. Бұның бірі Корей ғылыми-техникалық бағалау және жоспарлау институтының қолдауымен іске асырылған ең алғашқы ұлттық ғылыми-техникалық жоба болса, екіншісі БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қамқорлығымен жүргізілген «Қазақстанның инновациялық дамуына шолу» болып табылады. Қазақстанның 40-тан аса инновациялық даму институттары, компаниялары, ғылыми институттары, ЖОО-лар қатысқан «Қазақстанның инновациялық дамуына шолу» жобасы Еуропаның инновациялық экономикасы дамыған 7 елінің мамандары тарапынан орындалды.

Соңғы жаңалықтар