Үкімет басшысы газ қосумен айналысатын компанияларды тексеруді тапсырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін монополистермен және коммуналдық кәсіпорындармен тарифтік саясаттың ашықтығы және Жамбыл облысында тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бір апта ішінде тауарлық газды қосумен айналысатын барлық үлестес компанияларды тексеруді тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.  

«КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл бөлімшесінің директоры С. Исмайыловтың Жамбыл облысының тұтынушылары үшін тауарлық газ тарифінің қалыптасуы туралы баяндамасын тыңдаған соң Премьер-Министр өңір кәсіпкерлері тарапынан қосу қызметі үшін алынатын бағаның жоғары екендігіне қатысты шағымдар түсіп жатқанын айтты. 

Бизнес өкілдерінің ақпаратына сәйкес, 80 мыңға жуық үй жанынан өтетін газ құбырына қосыла алмай отыр, себебі оған қосылу құны 200-250 мың теңге. Бизнесмендердің айтуынша, оның себебі нарық бағасынан бірнеше есе артық бағаны белгілеген жобалаушылардың кесірінен. Бұл қызметті қосатын басқа компаниялардың болмауы себебінен «үлестес» тәрізді компаниялар ұсынылатын қызметтің нақты құнын көрсетпейтін өз талаптарын қойып отыр.  

Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев облыстық прокурорға, сонымен қатар салық инспекциясы мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық зерттеулер қызметіне бір апта ішінде үлестес, лицензиялары бар, тауарлық газды қосу қызметін көрсететін барлық компанияларды баға түзуі бойынша тексеруді тапсырды. 

«КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл бөлімшесінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда 377 елді мекеннен 181 елді мекенге газ жүргізілген. Жеке және коммуналдық пәтерлерден 185 мыңнан астам абонент тауарлық газбен қамтамасыз етіледі, 319 өнеркәсіптік, 5 мың коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын қамтылған. Облыс бойынша газ бөлу құбырының жалпы ұзындығы 4600 шақырым.

 

Соңғы жаңалықтар