Үкімет басшысы «Есіл-Агро» ЖШС-нің жұмысымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Есіл-Агро» ЖШС сүтті-тауарлы фермасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сүтті-тауарлы мал шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған кәсіпорын 2009 жылы ашылған болатын. Осы күні шаруашылықта сүтті бағыттағы ірі қара мал басы 1600-ге жеткен. Оның жартысы өнімділігі жоғары «голштин-фризск» тұқымды сиырлар.  Өткен жылы серіктестік 4 мың тонна сүт өндірген. Алдағы уақытта өнімділікті екі есеге арттырып, сауын сиырларының санын 2400 басқа жеткізуді көздеп отыр. Үкімет басшысы мұндағы мал қорларын аралап, автоматтандырылған сүт өндіру процестерімен танысты.

Щучинскіде салынып жатқан республикалық шаңғы базасы құрылысының созылып кетуі жайында айтылып та, жазылып та жүр. Үкімет басшысы осы нысанның құрылысын өз көзімен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысты. Жоба құны 37,3 миллиард теңге. 2006 жылы басталған құрылыс нысаны 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. 145 гектар аумақты алып жатқан нысанның қазіргі дайындық деңгейі 90 пайыз шамасында. Қазір жасанды қарландыру және шаңғы жолына қажетті құрылғылар келген. Ішкі инженерлік желілерді орнату жұмыстары тоқсан пайыз деңгейінде атқарылған. Бүгінгі күні мұнда 250-дей адам жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар