+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді

2019 жылғы 27 қараша 18:14
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі Диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда шетелдік компанияларға қандай талаптар қойылады Қазақстанда алғаш рет педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттелді Медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылады - Асқар Мамин

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастыққа Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықты бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, зор көңіл бөледі», - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ЕО-ның Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі әрі ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Биыл 6 айда Еуропалық Одақ Қазақстан экономикасына $5,4 млрд-тан астам инвестиция салды – бұл бірінші жартыжылдықтағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымының жартысын құрайды. Биылғы 9 ай ішінде ЕО-мен тауар айналымы $24 млрд-қа жуық болды.

Асқар Мамин Еуропалық Одақ елшілерін Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын қолдау бойынша бұдан арғы ашық әрі белсенді диалоқа шақырды.

Еуропалық Одақ елшілері ҚР Премьер-Министріне ЕО-ның жаңа аймақтық үш жобасын таныстырды: «Орталық Азиядағы инвестициялық қызмет компоненттері», «Орталық Азияда халықаралық сауданы қолдау» және «Заңның үстемдігі мәселелері бойынша ЕО-ОА бағдарламасы».

Тараптар Қазақстандағы еуропалық компаниялардың қызметін, оның ішінде тендерлерге қатысу мүмкіндіктері мен жергілікті қамту нормаларын талқылады.

Кездесуге ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон, Германия, Франция, Нидерланды, Польша, Австрия, Испания, Эстония, Италия, Бельгия, Латвия, Грекия, Испания, Хорватия, Румыния, Словакия, Венгрия, Финляндия, Чехия елшілері, Португалия, Болгария өкілдері, ірі еуропалық компаниялар мен «Франция - Қазақстан» СӨП басшылары қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT