Үкімет басшысы елорданы тасқын судан қорғау мақсатында салынып жатқан бөгеттің құрылысымен танысты

None
None
денің 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елорданы тасқын судан қорғау мақсатында салынып жатқан бөгеттің құрылысымен танысты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1948 және 1949 жылдары елорда маңындағы су деңгейінің көтерілуі кезінде Есіл өзенінің сол жағалауын су басып кеткен. Осыған байланысты 2006 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігі Астана аумағын су басып қалудан қорғау жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба аясында салынып жатқан бөгет қаланы еріген қар суынан, өзеннің тасуынан, сондай-ақ Вячеслав су қоймасында болуы мүмкін гидродинамикалық апаттардың әсерінен қорғау мақсатында іске қосылмақ. Соңғы мәліметтер бойынша осы нысанда атқарылған монолитті-темір бетонды жұмыстардың жалпы көлемі 23 611 текше метрді құрайды.

 «Бүгінде құрылысы бірегей саналатын бөгеттің ұзындығы 31 шақырымды және биіктігі 10 метрді құрайды. Мұнда үш гидроқұрылыс бар. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Тиісті қаржы көлемі бөлінгеннен кейін алдағы жылы бұл бөгет толығымен тапсырылатын болады», -деді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Аталған жобаның жалпы сметалық құны 13 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде 2010 жылға арналған қаржы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар