+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Үкімет басшысы еліміздің батысына инвестиция тарту жөнінде селекторлық кеңес өткізді

2019 жылғы 13 қыркүйек 19:40
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы еліміздің батысына инвестиция тарту жөнінде селекторлық кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі және Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді Асқар Мамин түркиялық бизнесмендермен кездесті Асқар Мамин ЕҚҚДБ Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отын-энергетикалық кешенде, сондай-ақ еліміздің батыс өңіріне инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды іске асыруда кедергілерді жою жөнінде селекторлық кеңес өткізді.

Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Исқалиев баяндады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында отын-энергетика кешеніне инвестициялар көлемі 2561 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңіне шаққанда 18,6%-ға ұлғайды. 2019 жылы күтіліп отырған инвестициялар көлемі 5357 млрд теңгені құрайды. 75 жоба іске асырылу сатысында, ал 68 жоба пысықталу үстінде. Отын-энергетика кешеніне инвестициялар ағымын арттыру үшін салық және кедендік режимдерді жетілдіруге, сондай-ақ мұнайгазхимияны, электр энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздерін ынталандыруға бағытталған заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдануда.

2019 жылғы қаңтар-шілде айларында Атырау облысының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2513,9 млрд теңгені (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 118,3%), Маңғыстау облысына – 291,6 млрд теңгені (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 83,2%), Батыс Қазақстан облысына – 278,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың жеті айының көрсеткішінен 38,3%-ға артық.

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерді және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында берілген тапсырмаларды ескерумен инвестицияларды тартудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті, бұл жұмыстар өңірлік және республикалық деңгейлерде күнделікті жүргізілуі тиіс.

«Инвестиция тарту - экономиканың дамуы үшін басты мәселе. «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру, стратегиялық инвесторларды тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет», – деді А.Мамин.

Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Қазақстан кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдерімен саудада нақты және нақты емес кедергілерді жою бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT