Үкімет басшысы егін орағына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шарушаылығы министрі мен облыс әкімдеріне егін орағын сапалы жүргізуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егін жинауға уақыт аз қалды. Негізгі астықты өңірлерде ауа райы құбылмалы. Жаңа әріптестеріміз ол туралы айтып жатыр (өңір басшылары). Сондықтан, егінді уақытында жинаумен қатар, жұмысты шығынсыз орындау өте маңызды. Егін ору жұмысының барысы жаман емес. Үкімет тарапынан егін ору жұмысын қаржылай және материалдық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдер қабылданды», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Өз сөзінде Премьер-Синистр ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімдеріне егін ору жұмысын сапалы өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, астық сақтау кәсіпорындарын астықты қабылдауын қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі егін жинау кезінде ең маңызды шаруа. Энергетика министрлігі АШМ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді бақылауда ұстауды тапсырамын. Егін орағына күн сайын мониторинг жасауды жалғастырыңыздар», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар