Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне балалардың С гепатитін жұқтыруы себебін анықтауды тапсырды

None
None
А. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігіне лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін жұқтыруы себебін анықтауды тапсырды.

Бұл тапсырманы бүгін Астанада Премьер-Министр аталған ведомствоның өткен жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы оқиға бойынша тиісті кеңес өткізілгеніне тоқталған Үкімет басшысы, «бұл өрескел фактор. С гепатиті балаларға жұққан, кейіннен оның себебі табылмай отыр. Осыған байланысты мәселені тәртіпке келтіріп, турасын айтыңыздар. Себебі адамдар бізге сенеді. Ал егер ауру жұқтырылса, онда ол үлкен проблема»,-деді Премьер-Министр Денсаулық сақтау ведомствосының басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Айта кетейік, лейкемиямен ауратын балалардың аналары қан құю кезінде олардың балаларына С гепатиті жұқтырылатынын, сондай-ақ құйылған барлық қан Республикалық Қан орталығынан жетізілетінін мәлімдеген болатын. Аталған мәселені тексеру үшін өткен жылдың аяғында арнайы комиссия құрылған еді және олар лейкемиямен ауыратын балалар С гепатитін Педиатрия институтында жұқтырды дегенді жоққа шығарған-ды.

Соңғы жаңалықтар