Үкімет басшысы бюджетті игерудегі бухгалтерлердің қателіктерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджеттік саладағы бұзушылықтардың 80 пайыздан астам үлесі техникалық сипатқа ие. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«80 пайыздан астамы техникалық бұзушылықтарға тиесілі. Атап айтқанда, бұл кемшіліктер біздің бухгалтерлердің техникалық қателіктері. Бұлар қаржылық заң бұзушылықтар емес, техникалық екенін нақтылағым келеді. Ал қалғандары жүйелік сипатқа ие. Сондықтан да мемаудит туралы қабылданған Заң аясында бухгалтерлердің біліктілігін арттыру, аудиторларды сертификаттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы жайында бірліскен отырыс барысында Наталья Годунова да атап өтті (Есеп комитетінің төрайымы- авт.). Бұдан бөлек, енді жүйелік сипатқа ие кемшіліктер бойынша бізге тиісті мәселелерді шешу керек», - деді Премьер-Министр.

Бақытжан Сағынтаев бюджет қаржысын игерудегі тиімділікті бағалау саладағы әдіснамаға байланысты екен атап өтті. Осы орайда Үкімет басшысы алдағы үш жылдық республикалық бюджетті даярлау кезінде пайдалану үшін бағалаудың дұрыс әдіснамасын әзірлеу керектігін жеткізді.

«Депутаттармен, Есеп комитетімен бірлесе отырып, дұрыс әдіснаманы даярлауды ұсынамыз. Егер қолдасаңыздар, біз бұл жұмыстарға бірден кірісеміз», - деп түйді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар