Үкімет басшысы бастаған бір топ мемлекет қайраткері «Отан қорғаушылар» алаңына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір сәт үнсіздікпен еске алды

None
None
СТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін «Отан қорғаушылар» монументінің Мәңгілік алауына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Парламенттің қос палатасының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орал Мұхамеджанов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев,

елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов гүл шоқтары мен гүл себеттерін қойып, майдан даласында және Жеңістің 65 жылдық мерейтойына жете алмай өмірден озған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін Премьер-Министр бастаған бір топ мемлекет қайраткері монумент маңында тігілген шатырларда болды.

Дәл осы мезетте «Қазақ елі» монументі алдынан сап түзеп шыққан шерушілер «Отан қорғаушылар» алаңына қарай бет түзеп келе жатқан болатын. Оларды кеуделеріне орден-медальдарын тағып, мерекеге сай жабдықталған УАЗ маркалы 30 әскери автомобильге мінген Астананың 120 соғыс ардагері бастады. Колоннаның жақындап келе жатқаны ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі, Президент оркестрі, ҚР Ішкі әскерлерінің Әскери оркестрі, «Жас ұлан» республикалық мектебінің барабаншылары, сонымен қатар атаулы күнге орай арнайы дайындалған театрландырылған қойылымын көрсеткен елордалық театр әртістері арқылы белгілі болып тұрды. Шерудің алдында Амолада құрылған дивизия мен полктің әскери тобы келе жатты. Олардың соңын ала жауынгер-интернационалистер, Республикалық гвардияның құрметті қарауыл ротасы, Ішкі әскер офицерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі сап түзеді. Колоннаны жастар, елорданың студенттері, мектеп және колледж оқушылары жалғастырды.

«Отан қорғаушылар» алаңына жеткен шерушілер ұрпақ сабақтастығын айшықтайтын «Өмір ағашын» тамашалап, оның бұтақтарына Ақмоладан майданған аттанған жауынгерлердің аты-жөндері жазылған Георгий таспаларын байлады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған осынау салтанатты шараларға 6 мыңнан астам адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар