Үкімет басшысы Бас прокуратураға жекешелендірілген энергетикалық нысандарды тексеруді тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға бірқатар энергетикалық объектіні жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар