Үкімет басшысы: Барлық аурухана өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Асқар Мамин тамыз айының соңына дейін аурухананың бәрін өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баяндамалардан байқағанымыздай, эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақтану деңгейіне шыққаны байқалады. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі тәулігіне - 2,1 пайыз. Ал кей өңірлерде одан да аз. Мысалы, Шымкентте - 1 пайыз, Қызылорда облысында - 0,9%, Түркістан облысында - 0,8%, Ақтөбе облысында - 0,5%. Қазіргі басты міндет – барлық өңірде ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сапалы әрі қолжетімді толық көлемдегі медициналық көмекті, әсіресе ауылдарда қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылдау керек.

«Біріншіден Денсаулық сақтау, Индустрия министрлігі және әкімдіктер тамыздың соңына дейін өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусқа тестілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар