Үкімет басшысы банктерді отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Асқар Мамин екінші деңгейлі банктерді отандық тауар өндірісін дамыту жұмысында қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде жаңа өндіріс ошақтарын құру бойынша 27 оффтейк келісім мақұлданды. Ол бойынша инвестиция көлемі шамамен 915 млрд теңгені құрайды. 2 мың жаңа жұмыс орыны құрылады. Өз кезегінде Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, мұндай келісімдерді берік кепілдік ретінде тану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл бағыттағы қадам аталған жобаларды қаржыландыруда қолжетімділікті жеңілдете түседі. Осыған байланысты қор 3 350 тауар позициясын айқындады. Бұл тауарлар тізімі – импортты алмастыру бойынша бизнестің жаңа толқынын туғызу керек. Осы бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қазір 180 кәсіпорын қызығушылық танытып отыр», - деді Асқар Мамин елордада өтіп жатқан «Samruk Business Forum» шарасында.

Үкімет басшысы десе де бұл іске өте жіті зерттеу керектігін ескертті.

«Бизнес жаңа жұмыс орындарын құрып, сапалы өнімдерді шығару бойынша өз міндеттемелерін қабылдауы керек. Отандық тауарлар өндірісін дамыту үшін екінші деңгейлі банктерді іріктеу және қаржыландыру жұмысына белсенді түрде атсалысуға шақырамын», - деді ол.

Еске сала кетсек жатқан «Samruk Business Forum» форумына Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысуда.


Соңғы жаңалықтар