Үкімет басшысы «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды кешенді дамыту жұмысын тиісті көрсеткіштермен және бірыңғай тәсілмен үйлестіруді күшейтуді және де тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», - деді Асқар Мамин.

Екіншіден, Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен және әкімдіктермен бірге ауылдық жерлерде кредит қаражатына сұраныстың ұлғаюын ескере отырып, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты қаржыландыруды, жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Үшінші. Ұлттық экономика, Индустрия, Энергетика, Денсаулық сақтау, Білім, Мәдениет министрліктері өңірлердің әкімдіктерімен бірге барлық қажетті іс-шараларды қабылдап, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі нысаналы индикаторларға 2025 жылға қарай қол жеткізуді қамтамасыз етсін», - деген Премьер-Министр бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуын бақылауды орынбасары Роман Склярға жүктеді.


Соңғы жаңалықтар