Үкімет басшысы ауыл балаларының жазғы демалысын қалай ұйымдастыру керектігін айтты

Автор:  
Есімжан Нақтыбай

Үкімет басшысы ауыл балаларының жазғы демалысын қалай ұйымдастыру керектігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ауыл балаларының жазғы демалысы қалай ұйымдастырылуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдері тиісті қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі қажет.

Әкімдер жаз айларында оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйелерін жаңғыртып, жабдықтау жұмыстарын күшейтуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр жергіліктіті әкімдіктерге әлеуметтік осал топтағы балалардың жазғы демалысын сауықтыру шараларымен селбестіруді тапсырды.

«Ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізу ерекше назарда болуы керек. Олар үшін спорт алаңдары мен даму орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру қажет», - деді ол.





Серіктестер жаңалықтары