Үкімет басшысы астық терминалдарының құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырды

None
None
А. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығы мен индустрия және сауда министрліктері, ҚТЖ және ҚазАгро бірлесіп астық терминалдарының құрылысы бойынша жұмыстарды одан әрі жүргізулері қажет.

Бұл туралы бүгін Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан астығын Қытай арқылы Оңтүстік Шығыс Азияға тасымалдау мәселесіне тоқталған Үкімет басшысы: «Ол үшін бізге Достық стансысының өткізу қуатын арттыру керек. Ауыл шаруашылығы мен индустрия және сауда министрліктері, ҚТЖ және ҚазАгро бірлесіп астық терминалдарының құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізулері қажет», деді.

Иран бағытындағы терминалдың құрылысы биылғы жылы аяқталатынын еске салып өткен К. Мәсімов, «бұдан арғы дамуға инфрақұрылымды даярлау үшін енді Қытай бағытында да терминал орнату қажет», деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар