Үкімет басшысы Астананы және Атырау облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында Атырау облысы және Алматы қаласы әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан бастамалар бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, көлік және логистиканы, АӨК, отын-энергетика кешенін, туризмді, сауданы, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыруды жүргізу, экономика салаларын цифрландыру және АКТ салаларын дамыту, инвестицияларды тарту және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылдың екінші жартысына арналған жоспарлар мен алғашқы алты айдағы жобалар портфельдерін іске асыру жұмыстарының алдын-ала қорытындылары қаралды.

Өз сөздерінде Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев пен Астана қ. әкімі Ә. Исекешев өңірдің және астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.   

Кеңеске ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова қатысты. Сондай-ақ, бейнеконференция байланысы арқылы инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова қатысты.

Соңғы жаңалықтар