Үкімет басшысы: Арысқа апта сайын келіп тұрамыз

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министр Асқар Мамин апта сайын келіп, жөндеу жұмыстарын тексеріп тұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына берілген тұрғын секторында болып, халықпен кездесті. Бұл жерде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа қаланың әскери снаряд қалдықтарынан түгел тазартылатынын айтты.

Сектор тұрғындарының атынан сөз алған бірнеше адам жамбылдықтардың жөндеу жұмыстарын жақсы ұйымдастырып жатқанын айтып, мемлекет қамқорлығына алғыс білдірді.
null

«Көріп отырсыздар, бір айдың ішінде барлық жұмыс бітеді деген сенім бар. Апта сайын келіп, тексеріп тұрамыз», - деді Премьер-Министр.
null

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, аталмыш секторда 312 үйді жөндеу қажет. Бұған қоса 2 үйді жаңадан салып шығу көзделген.
null

«312 үйдің 90 пайызының шатыры жарамсыз күйге түскен. Біздің секторда 14 әлеуметтік нысан бар. Құрылысшыларды төрт топқа бөлдік. Олар екі мердігер ұйымның басқаруымен жұмыс істейді. Қазіргі таңда 312 үйдің 21-інде жөндеу аяқталды. Бірінші кезекте шатыры бүлінген үйлерді қалпына келітур міндеті тұр. Әр 10 үйге бір белсендіні бекіттік. Олар тұрғындардың талап-тілектерін жеткізіп, арада байланыс орнату үшін қажет», - деді Еркебұлан Дауылбаев.
null null

Айта кетсек, бүгінге дейін Арыста 551 үй қалпына келтірілген. Түркістан облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша, жарылыс кезінде зардап шеккен 65 адам ауруханадан шықты.

Соңғы жаңалықтар