Үкімет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде 5 бойынша сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалуда. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты.

«Олар – Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіштері төмен», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін Үкімет басшысы ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне тау-кен секторы себеп болғанын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар