Үкімет басшысы әкімдерге: Мобильді қосымшаларды алдымен өздеріңіз жүктеп алыңыздар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдерге цифрландыру аясында жасалған сан алуан мобильді қосымшаларды алдымен өз қолымен пайдаланып көруді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Smart city» жобасы қала xалқының өмірін барынша жеңілдетуді көздейді. Шыны керек, xалық осы жобаның аясындағы барлық қызметтерді қолдануы қажет. Енді, қазір жақсы баяндамалар жасалып жатыр. Дегенмен, әкімдерге бір өтініш бар. Өздеріңіз айтқан барлық мобильді қосымшаларды алдымен смартфондарыңызға жүктеп алыңыз да, бір тексеріп шығыңыз. Өйткені бізде қағаз жүзінде бәрі жақсы... Ал мобильді қосымшаны тексеруге көмекшінің де керегі жоқ. Өздеріңіз пайдалансаңыз, осы саладағы жұмыстың тиімділігін көруге болады», - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.
null 

Айта кетейік, отырыс барысында «Ақылды қалалар» жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Аталған шаралар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып келеді. Бағдарламаның соңғы нұсқасы биыл қабылданса да, «Ақылды қалаларға» арналған жобалар бұрыннан бері қолға алынды. Соның аясында сан алуан мобильді қосымшалар іске қосылды.
null 

Соңғы жаңалықтар