Үкімет басшысы Академиялық артықшылық орталықтарын құру жұмысын пысықтауды тапсырды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің өңірлік жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтауды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерге қабылдауды ұлғайтуды қамтамасыз ету қажеттігіне ескертті.

«Осы жұмысты үйлестіру және бақылау Ералы Лұқпанұлына жүктеледі», - деді Үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.


Соңғы жаңалықтар