+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Үкімет барлық өңірде қосымша 28 мың пәтер салуға мүмкіндік беретін тәсілдерді жариялады

2021 жылғы 23 ақпан 09:50
Бөлісіңіз:
Үкімет барлық өңірде қосымша 28 мың пәтер салуға мүмкіндік беретін тәсілдерді жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингі түзіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Сондай-ақ, министрлік тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған қосымша шаралар ұсынады: жалға берілетін тұрғын үй пулын қалыптастыру және жылжымайтын мүліктің жеке әлеуметтік қорларын құруды ынталандыру; нарықтық қорландыруды тарту және қарыз бойынша шығыстарды субсидиялау; жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру тетігін енгізу; үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингін енгізу; жосықсыз құрылыс салушылардың жауапкершілігін қатаңдату», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, осы шаралар қабылданған жағдайда еліміздің барлық өңірінде қосымша 1,7 млн шаршы метр баспана немесе 28 мың пәтер салынады.

«Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестиция қосымша 300 млрд теңгені құрайды. Бұл: 55 мың жұмыс орнын ашуға;- 40 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз етуге; 530 млрд теңгеге тауарлар өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету арқылы аралас салаларды іске тартуға мүмкіндік береді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT