+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Үкімет бағаның өсуін бақылауда ұстап отыр – Әлихан Смайылов

2019 жылғы 17 қазан 12:12
Бөлісіңіз:
Үкімет бағаның өсуін бақылауда ұстап отыр – Әлихан Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі себептерін зерделеп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі: 12 жылдық жүйеге көшуде асығыстық болмайды Асхат Аймағамбетов педагог даярлайтын ЖОО-ларда қандай өзгеріс болатынын айтты Сенат: Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды

«Шынымен де инфляция мәселесі маңызды, себебі халықтың өмір сүру деңгейіне, нақты ақшалай табысқа тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында. Біз осы тақырыпты ай сайын жергілікті атқару органдардың қатысуымен қарастырамыз. Инфляцияға тоқталатын болсақ, бүгінде жылдық инфляция белгіленген дәлізде тұр және 5,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін осы дәлізде сақталады деп ойлаймыз. Яғни, 5,3-5,5 пайыз деңгейінде қалуы мүмкін», - деді Ә. Смайылов сенаторлар сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Үкімет азық-түлік бағасының өсуі мәселесін тұрақты түрде зерделеп отырғанын атап өтті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаның өсуі мәселесін селекторлық режімде тұрақты түрде қарастырамыз. Бұл тұрғыда бағаның өсуіне ықпал еткен факторларға талдау жасалып, тиісті қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT