Үкімет әуе компанияларына рұқсат құжаттарын беруге уақытша мораторий енгізді

None
None
ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет әуе компанияларына рұқсат құжаттарын беруге уақытша мораторий енгізді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Еуроодақпен арадағы жағдайды реттегенше, бүгіннен бастап әуе компаниялары үшін  жаңа рұқсат құжаттарын беруге мораторий жариялаймын. Осы орайда мәселе шешілгенше, ешқандай рұқсатнамалар берілмеуі тиіс. Жаңа компанияларға тек халықаралық талаптарға сәйкес рұқсат етілуі қажет», деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық комиссия қазақстандық бірқатар әуе компанияларының Еуропа елдеріне бағыттарын шектейтін «қара тізімін» жасаған болатын.

 Осыған байланысты Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша, Еуроодаққа қазақстандық әуе компанияларының  ұшырылымына қойылған шектеу 2010 жылдың екінші жартыжылдығында тоқтатылады.

 Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Мәжілістің қарауына  «Авиация туралы» жаңа заң жобасы ұсынылған. Онда әуе сапарларының қауіпсіздігін қадағалауды күшейту бойынша ИКАО ескертулері мен ұсыныстары ескерілген.

 Бүгінде, яғни қазанның 30-нан бастап елімізде ИКАО  мүшелерінен құралған комиссия жұмыс істеуде. «Мамыр айында өткен тексерулермен салыстырғанда, олар оң көзқараста», деді Әбілғазы Құсайынов.

 Қараша айында Брюссельде авиациялық әкімшіліктің есебі қайта тыңдалатынына тоқталған ол, бұл бағытта ведомство тарапынан жүйелік шаралар қабылданып жатқандығын, сондай-ақ «Ұшырылымдардың қауіпсіздігі бойынша орталық» мемлекеттік кәсіпорны құрылғанын жеткізді. Қазіргі кезде Үкіметтің қорынан бөлінген 64 миллион теңге есебінен Еуропалық авиациялық талаптарға сәйкес аталған орталықтың 15 инспекторын оқыту шаралары жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар