Үкімет астықты экспортқа шығаруды қолдау үшін 5 млрд. теңге бөледі

None
None
sp;Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет астықты экспортқа шығаруды қолдау үшін ағымдағы жылғы бюджеттен 5 млрд. теңге бөледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметте кешегі өткен кеңестің қорытындысы бойынша, оның үстіне депутаттардың көтерген мәселесін талқылау барысында еліміздегі астықты экспортқа шығаруды мемлекеттік қолдау үшін қосымша қаражат бөлу мақұлданды. Осы мақсатта Үкіметтің резервін «Қорғас» шекаралас елдер ынтымақтастығы халықаралық орталығын» дамытуға бөлінетін шығыстарды азайту есебінен 5 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған «Қорғас» орталығын дамыту үшін 10,5 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған болатын», деді министр Б. Сұлтанов.

Оның  айтуынша, Үкіметте қазіргі уақытта астықты экспортқа шығаруды қолдап, оны жүзеге асыру тетіктерін нақтылайтын мәселелер қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар