Үкімет астық мәселесіне қатысты проблемаларды осы аптада талқылайды - Премьер- Министр

None
None
p; Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет астық мәселесіне қатысты проблемаларды осы аптада талқылайды.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар тарапынан көтерілген мәселеге тоқталған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы орын алған мәселе өте өзекті әрі маңызды болып отыр. Сол себепті осы аптада жауапты адамдарды қатыстыра отырып, астық мәселесі жөнінде мәжіліс өткіземіз. Сонымен бірге біз бұл проблеманы Парламентпен бірге талқылай отырып, оң шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Бұдан басқа қарашаның 2-де Ауыл шаруашылығы министрі Парламент Мәжілісіне келіп, еліміздегі астық проблемасына қатысты толық әрі жан-жақты түсінік береді», деді К. Мәсімов.

 Үкімет басшысы өңірлердегі астық проблемасына қатысты мәселені жан-жақты қарау үшін депутаттарды атсалысуға шақырды. «Мен қазір ғана вице-премьер Өмірзақ Шөкеев пен Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа өңірлерді қатыстыра отырып, аталмыш мәселеге байланысты кеңес өткізуге дайындық жасау туралы тапсырма бердім. Осы аптада проблема нақты анықталғаннан кейін шешім қабылдаймыз. Егер мәселе қаражатқа келіп тірелсе, Парламентке жүгінуге әзірміз», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар