USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Үкімет алдағы уақытта үш мәселеге - бақылауға, сапа және кадр мәселесіне баса назар аударады - Премьер-Министр

2009 жылғы 21 қазан 13:24
Бөлісіңіз:
Үкімет алдағы уақытта үш мәселеге - бақылауға, сапа және кадр мәселесіне баса назар аударады - Премьер-Министр

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет алдағы уақытта үш мәселеге - бақылауға, сапа және кадр мәселесіне баса назар аударатын болады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдау барысында сөз алған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сөз басында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ағымдағы жылы еліміз үшін бірқатар маңызды заң жобалары қабылданғанына тоқтала отырып, депутаттарға осы бағытта Үкіметке нақты көмек бергені үшін алғысын жеткізді. Бірге атқарылған шаралар арқасында өткен 9 айдың қорытындысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен бірге, депутаттар алға тартқан проблемаларға қатысты Үкімет басшысы өзінің ұстанған бағыты туралы да сөз қозғады. «Жалпы дағдарыс барысында біз экономиканы басқару мәселесіне басқашалау қараймыз. Шындығында, 2007 жылдан бастап біздің алдымыздан біршама кедергілер, дағдарысқа қатысты туындаған проблемалар орын алғаны белгілі. Осы ретте мен өзімнің алдыма негізгі үш бағытқа баса назар аудару туралы міндет қойған болатынмын. Оның біріншісі - бақылау мәселесі. Әрине, біздің жұмысымызда нәтиже беретін нақты шешімдер, оның ішінде дұрыс әрі жақсы шешімдер қабылданады. Бірақ, осы шешімдердің орындалуын жоғарыдан төменге қарай бақылау одан да маңызды болып табылады. Біз осыны жүзеге асыруға әрекеттенудеміз, бұған селекторлық кеңестің тигізер септігі де зор. Яғни, әсіресе тап қазіргі дағдарыс кезеңінде орталық қабылдаған шешімдердің орындалуын қадағалап, бақылап тұру аса маңызды. Екіншіден - сапаға назар аудару. Яғни, қабылданған шешімдер сапалы орындалуы шарт. Депутаттық сауалдардың, бір-бірімізбен пікір алмасудың нәтижесінде белгілі бір орындарда сапаның жақсарғанын көруге болады. Үшіншіден - кадр мәселесі. Өйткені, соңғы шешімдердің орындалуы тек кадарлар арқылы жүзеге асатыны айқын. Яғни, осы үш нәрсе - бақылау, сапа және кадр мәселесін әлі де жақсарта түсу керек, сондықтан біз әрқашан осы бағытқа баса назар аударамыз», деді К. Мәсімов.

Жиын соңында Үкімет басшысы Парламент Мәжілісінің депутаттарына үшжылдық бюджетті мақұлдауға қатысты алғысын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT