Үкімет, әкімдік жеке үйлерге арналған учаскелерді коммуникациямен қамтамасыз етуді жеделдетуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет пен әкімдік әлеуметтік жеке үйлерге арналған учаскелерді коммуникациямен қамтамасыз етуді жеделдетуге міндетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысы бөлігі баяу жүзеге асырылып жатыр. Бұл негізінен аумақтарды жайластыру қарқынының төмендігімен байланысты. Өйткені, заңнама бойынша жер сумен және электрмен жабдықтау болған кезде ғана беріледі. Жер үй – бұл тек баспана ғана емес. Ол табысы төмен азаматтар үшін, әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін экономикалық тіреу бола алады», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, Үкімет пен әкімдік әлеуметтік жеке үйлерге арналған учаскелерді коммуникациямен қамтамасыз етуді жеделдетуге міндетті. Бұл ретте аталған жұмыстарға мемлекеттік-жекешелік әріптестікті де жұмылдыруға болады.

«Депутаттарға осынау маңызды проблеманы шешуді «қанаттарыңыздың астына» алуды өтінемін. Қалайша ауылда еңбек етіп жүргендерді қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерді шығындарды субсидиялау арқылы жалға берілетін үйлер салуға мәжбүрлеп, түптеп келгенде біздің көптеген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта алмаймыз?», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар