Үкімет 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орнын құрмақшы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», - деді ол Үкімет отырысында.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобадағы іс-шаралар ауылдардың дамуына жаңа серпін беруі керек.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша, шекараға жақын жатқан ауылдарда 1,7 млн адам тұрып жатыр.


Соңғы жаңалықтар