+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізуі мүмкін - Ералы Тоғжанов

2020 жылғы 2 шілде 15:43
Бөлісіңіз:
Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізуі мүмкін - Ералы Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларына қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгіленген 14 күн аралығында аталған шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, нақты қорытындылар шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелерде коронавируспен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін инфекциялық және провизорлық орын саны 50 пайызға арттырылып, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады», - деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, тамыз айына дейін ПТР-тестілермен қамтылу тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға дейін жеткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT